2026 жылғы 8 мамыр күні «#БатырдыңҰрпағымын» атты республикалық әлеуметтік желі челленджі аясында білім алушылар арасында патриоттық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың патриоттық рухын арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, жас ұрпаққа қазақ халқының батырлық тарихын насихаттап, ел қорғаған ерлердің ерлігін үлгі ету көзделді.
Челлендж барысында 7 «Ғ» сынып оқушысы Айдарбек Айбек қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы әсерлі баяндама жасап, батырдың Отанға деген сүйіспеншілігі мен қайсар мінезін ерекше атап өтті.
Оқушы өз сөзінде Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, ел үшін сіңірген еңбегі және кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі сөздері туралы айтып, жастарды елін, жерін құрметтеуге шақырды.
Аталған челлендж білім алушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.
#БатырдыңҰрпағымын
@qosymsha_ast
@rumcdo.kz
@balaquqyqqorgau.astana
https://www.instagram.com/reel/DYE6Xh-MKPN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==