Астана қаласы әкімдігінің “№98 мектеп-лицей” оқушылары 30 қазан мен 1 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты “ДосболLIKE” орта білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасы үшін айдентика жасау бойынша республикалық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты жарқын және есте-қаларлық және достық білім беру ортасын қалыптастыруға қатысуын арттыру болатын.
Байқау аясында “ДосболLIKE” бағдарламасының логотипі мен слоганы ,бағдарламаның негізгі идеяларымен құндылықтарын ашатын “Комикс” “Ақпараттық материалдар” және “Мерч” номинациялары бойынша жұмыстар ұсынылған.Осы байқауда мектебіміздің креативті идеялы білім алушыларымыз
Кадыр Көркем мен Марасулов Алиакбар “Комикс” номинациясы бойынша жүлделі II-орын иеленсе
“Логот және слоган” номинациясында Омарова Лейла жүлделі III-орын иеленді.
Білім алушыларға бағыт-бағдар беріп,жетекшілік жасаған информатика пәні мұғалімі Муслимова Гүлзада Сарсенбековнаға үлкен алғыс білдіреміз.
Жарайсыздар!
@Біртұтас_тәрбие_Астана








