РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАРДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҮЛГІЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Жастардың ұлттық сана – сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше.
Астана қаласы әкімдігінің “№98 мектеп-лицей” КММ бастауыш сынып білім алушылары Астана қаласында өткен республикалық семинарда үзіліс уақытын “ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ” жобасы аясында қалай тиімді өткізетіндері бойынша ойын үлгілерімен бөлісті.
Бұл ойындардың ерекшелігі балалар қазіргі заманмен ежелден келе жатқан ұлттық ойындарды ұштастырып жаңа леп,жаңа атау беріп жаңғыртуларында.
Жоба жетекшісі:
Азирбаева Гулнара Каруовна

Бөлісу/Поделиться:
KK