2025 жылғы 26 тамызда Астана қаласы әкімдігінің » № 98 мектеп-лицейі » КММ-де «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.. Мектеп директоры Г. А. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Айдана Манасқызы Мергенбекова құттықтау сөз сөйледі. «Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы» А. Б. Бердикулова , Д. Табылдықызы «Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы» , «Мектептің ұйымдастыру-шаруашылық қызметі туралы» М. А. Ташенова және Беркенова А. И. таныстырды.
