10-сыныптар арасында педагогикалық консилиум өтті.

25 қараша 2025 жылы #98 мектеп -лицейінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Табылдықызының жетекшілігімен 10-сыныптар арасында педагогикалық консилиум өтті.
Консилиумның негізгі мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды мәселелерді талқылау және олардың тиімді шешу жолдарын айқындау.
Педконсилиумге 10-сыныптардың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысып, әр оқушының оқу жетістігі, мінез-құлық ерекшелігі мен даму динамикасы жан-жақты талқыланды. Мұғалімдер оқу үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді белгілеп өтті.
Сонымен қатар, мектеп психологы Еркежан ханым консилиумға қатысып, әр сыныппен жүргізген жұмыстарының нәтижесін таныстырып, оқушылардың психологиялық жағдайына қатысты маңызды деректер мен ұсыныстарын бөлісті.

Бөлісу/Поделиться:
KK