2025 жылдың 17 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің №98 мектеп-лицейінде “Ағылшын тілі” апталығының “Journey to Cinematic World” атты салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Апталықтың алғашқы күнінде оқушылар мен мұғалімдер тақырыпқа шолу жасап, қызықты ойындарға қатысып, сөздік қорын байытып, өз білімдерін шыңдады. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтті.