400-ге жуық кітап оқып үлгерген

@98mektep.astana №98 мектеп-лицейінің 9 «Ә» сынып оқушысы Кенжебекова Мадина бұл акцияға үлкен ықыласпен қатысты.

✨ Мадина осы уақытқа дейін 400-ге жуық кітап оқып үлгерген. Оның қатарында ертегілер, әңгімелер, түрлі шығармалар мен романдар бар (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Ол әр жанрдағы туындыларды қызыға оқып, өз білімін кеңейтіп, қиялын дамытып келеді.

💭 Мадинаның айтуынша:
«Оқыған әрбір туынды менің рухани дүниеме жаңа леп әкеліп, өмірге деген көзқарасымды тереңдете түсті. Кітап арқылы мен тек білім алып қана қоймай, өзімді де жақсырақ тани бастадым».

📖 Акция аясында Мадина оқыған 10 кітап:
✨ И.С. Тургенев — «Отцы и дети»
✨ Ф.М. Достоевский — «Подросток»
✨ J.K. Rowling — «Harry Potter and the Philosopher’s Stone» (ағылшын тілінде)
✨ С. Керімбай — «Өзбекәлі мәдени майдан»
✨ Э. Портер — «Поллианна»
✨ А. Елгезек — «Болмаған балалық шақ»
✨ Стивен Кинг — «Жасыл миль»
✨ Д. Лондон — «Мартин Иден»
✨ Б. Майлин — «Шұғаның белгісі»
✨ М. Әуезов — «Абай жолы» (1–4 том)

📚 Мадинаға ерекше әсер еткен шығарма — Д. Лондонның «Мартин Иден» романы. Оның айтуынша, бұл туынды арманы бар, мақсатқа жетуге ұмтылатын адамдарға үлкен әсер береді. Мартиннің табандылығы, өзін-өзі дамыту жолындағы еңбегі, сондай-ақ махаббат, қоғамдағы әділетсіздік пен адамның ішкі күйзелісі туралы терең ойлар Мадинаның жүрегінен орын алған.

📢 Құрметті оқырмандар!
Сіздерді де кітап оқуға шақырамыз. Әрбір оқылған кітап сізді жаңа белеске көтеріп, армандарыңызға бір қадам жақындатады.
📖 Кітаппен дос болайық, рухани бай болайық!

@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar

https://www.instagram.com/reel/DXvbZ1ypo7m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бөлісу/Поделиться:
KK