“Түлектер аллеясы” – табиғатқа тағзым, болашаққа аманат
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №98 мектеп-лицейінде игі бастама жүзеге асты. Мектептің 11-сынып түлектері “Түлектер аллеясы” және “Түлектердің ағаш егуі” акцияларына белсенді қатысып, туған білім ордасының ауласына ағаш отырғызды.
Аталған шараға 11 “А”, “Ә”, “Б”, “В”, “Г” сыныптарының түлектері сынып жетекшілерімен бірге атсалысты. Олар бір жағынан мектеппен қоштасудың символдық белгісін қалдырса, екінші жағынан табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу – тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, бұл – болашаққа жасалған маңызды қадам. Түлектердің қолымен егілген әрбір көшет ертең саялы баққа айналып, келесі буын оқушыларына көлеңке сыйлайды. Бұл бастама жастардың табиғатқа деген жанашырлығын, жауапкершілігін айқын көрсетті.
Осындай игі істер арқылы оқушылар туған мектебіне деген құрметін білдіріп, қоғамға пайдалы азамат болуға ұмтылатынын дәлелдеді. “Түлектер аллеясы” – бүгінгі ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі әрі келешекке қалдырған құнды мұрасы.
@qosymsha_ast
https://www.instagram.com/reel/DXj3N_ODNBS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==