«Bolashaq cup–2026» турнирінде «Фараби» фракциясы жеңіске жетті

26 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен өткен «Bolashaq cup–2026» мектепаралық пікірсайыс турнирінде қазақ лигасы бойынша 98 мектеп-лицейдің «Фараби» фракциясы жүлделі І орынды иеленді.
Турнир барысында жоғары дайындық пен шешендік қабілеттерін көрсеткен фракция құрамында Мылқайдар Қайсар мен Кенжебекова Мадина өнер көрсетті. Команданы Тұрдыбек Қарақат жетекшілік етті. Сонымен қатар, Кенжебекова Мадина ерекше сөз саптауы мен дәлелді пікірлері үшін «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында өткен қалалық пікірсайыс турнирінің ағылшын лигасында оқушыларымыз төрешілік құрамда белсенділік танытты. Атап айтқанда, Мадиева Бархия, Сағидулла Амина және Сарбасова Алисия, Оразалы Алиасқар турнирде қосалқы төрешілер ретінде қатысып, пікірсайыс ойындарының әділ әрі сапалы өтуіне өз үлестерін қосты.
Аталған жетістіктер оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер және көшбасшылық дағдыларының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.
https://www.instagram.com/p/DXoBuR5jMlz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==