«Journey to Cinematic World»

Астана қаласы №98 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 17-24 ақпан аралығында «Journey to Cinematic World» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту, тілдік дағдыларын жетілдіру және сыни ойлауды дамыту болды. Осыған орай, әртүрлі іс-шаралар, сайыстар, ойындар және ашық сабақтар ұйымдастырылды. Әр үлкен үзіліс сайын оқушыларға арналған викториналар мен қызықты ойындар өткізіліп, олардың білімін бекітуге ерекше көңіл бөлінді.

“Past Simple”, “Types of Films”, “Regular and Irregular Verbs”тақырыптарында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Адреисова Балжан Бауыржановна, Алякбарова Нурила Дулатовна, Бакаева Аида Жанатовна, Жамалбек Назым Сериковна жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді.

3 сыныптар арасында “My Favourite Cartoon” және 4 сыныптар арасында “Cartoon Rhymes” сайыстары – Мұқтарханова Нұрай Санатқызы, 5 сыныптар арасында “Magic English Championship” эстафетасы – Тауекел Меруерт Пернебекқызы, 6 сыныптар арасында “Lost Disneyland Tickets” квест-ойыны – Әрімбекова Жұлдыз Нұржанқызы, 7 сыныптар арасында “Quiz: MovieMix” Genre Challenge – Пішенбаева Мөлдір Мұхтаровна, 8 сыныптар арасында “Are Cartoons More Useful than Movies?” дебаты – Дубаева Аида Бауыржановна және Калиева Гаухар Ануарбековна, 9 сыныптар арасында “Movies and Cartoons” тақырыбындағы викторина – Қосжанова Ақмарал Сағатбековна , 10 және 11 сыныптар арасында “Talent Show” – Ахметжанова Айгерім Булатбековна мен Байжуманова Динара Бозтаевнаның ұйымдастыруымен өткізілген сыныптан тыс іс шаралар оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды.

Апталық мазмұнды әрі әсерлі болып, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға және тілдік дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты. Барлық белсенді қатысқан оқушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Бөлісу/Поделиться:
KK