№98 мектеп-лицейінде ағылшын тілі апталығында 2025 жылдың 20 ақпанында 9-сыныптар арасында “Movies and Cartoons” тақырыбында “Quiz Show” атты зияткерлік сайыс өтті. Аталған шараны ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 2-курс студенттері бірлесе ұйымдастырды.
“Quiz Show” бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды:
1.”Ребус” кезеңі: оқушыларға ұсынылған ребустарды шешу арқылы белгілі бір фильм немесе мультфильмнің атауын табу қажет болды.
2.”Дәйексөз” кезеңі: фильм кейіпкерлерінің сөздері жазылған карточкалар арқылы сол фильмнің атауын анықтау тапсырылды.
3.”Кино-микс” кезеңі: заманауи фильмдер мен Қазақстан тарихын бейнелейтін кинолардың арасындағы байланысты табу керек болды.
4.”Саундтрек” кезеңі: танымал фильмдердің саундтректері ойнатылып, қатысушылар сол туындының атауын табуға тырысты.
Сайысқа барлық сынып белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті. Жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, ал бас жүлдені иеленген сыныпқа ерекше сыйлық — «Оскар» мүсіні табысталды. Шара өте қызықты әрі танымдық тұрғыдан мәнді өтті. Оқушылар мен ұстаздар кино әлеміне саяхаттап, жаңа әсерлерге бөленді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға да зор үлес қосады.