жүлделі І орын

Астана қаласы әкімдігінің №98 мектеп-лицейінің “Фараби ізбасарлары” дебат клубы республикалық дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Білім мен шешендік сынға түскен додада клуб мүшелері өздерінің терең ойы, нақты аргументтері мен жоғары дайындық деңгейін дәлелдей білді.

Турнир барысында оқушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, сыни ойлау, көшбасшылық және шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Әрбір ойын тартысты өтіп, қатысушылар өз позицияларын сауатты қорғап, қарсы тараптың уәждеріне нақты жауап бере алды.

Жеңіс нәтижесінде “Фараби ізбасарлары” командасы қалалық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды. Бұл жетістік – оқушылардың табанды еңбегі мен жетекшілерінің жүйелі жұмысының жемісі.

Мектеп ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы қалалық кезеңде де биік белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіреді. Жас дебатшыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз
@farabi_izbasarlary
@astana_ushqyroi

https://www.instagram.com/reel/DYCmXB1MAb6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бөлісу/Поделиться:
RU