Республикалық олимпиадада жүлделі III орын иеленді

Қайырбек Тимур республикалық олимпиадада жүлделі III орын иеленді

2025 жылдың 17–21 сәуірі аралығында Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10–11 (12) сынып оқушыларына арналған ағылшын, неміс және француз тілдері пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.

Аталған білім додасында мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Қайырбек Тимур жоғары нәтиже көрсетіп, француз тілі пәні бойынша жүлделі III орынды иеленді.

Республикалық деңгейдегі олимпиадаға еліміздің әр өңірінен дарынды оқушылар қатысып, өз білімдері мен тілдік құзыреттерін сынға салды. Тимурдың жетістігі — табандылық пен үздіксіз еңбектің, сондай-ақ ұстаздарының сапалы дайындығының нәтижесі.

Мектеп ұжымы Қайырбек Тимурды жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы білім бәйгелерінде биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді!

Құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/reel/DXbSLVKjFvn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бөлісу/Поделиться:
RU