АҚПАН-ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ АЯСЫНДА “ҚАМҚОР” ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА “ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ-ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАМЫЗДА ӘЖЕЛЕРМЕН ВОРКШОП ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Астана қаласы әкімдігінің “№98 мектеп-лицей” КММ
9”Г” сынып білім алушылары “Қамқор” жобасы аясында Астана қаласындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығындағы әжелер тобына арнайы “Ұрпақтар сабақтастығы-өнегелі тәрбие” тақырыбындағы жаңа жобамыздың керемет бас қосуы өткізілді.Іс-шара басында мектебіміздің тәрбие орынбасары Гаухар Ануарбековна “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында оқушыларымыз арнайы осы орталыққа әже-аталармен бірге кездесуге келуді шын ниетпен жоспарлағандары жайлы айтты.
Бұл іс-шара бірнеше кезеңдермен жоспарланған.
1 кезең-әжелерімізді 3 топқа бөлу. Әжелер мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,өз топтарын жасақтау керек болды.Нәтижесінде
1-ші топ “Ақыл бұлағы”
2-ші топ “Қазына”
3-ші топ “Аманат”
Топқа бөлініп болғаннан кейін оқушыларымыз “Уақыт маңыздылығы” тақырыбында сахналық көріністерін көрсетті.Көріністің мақсаты:Қазіргі жастарға ата-әжелерге қарап үлгі алу,бос уақыттарын тиімді пайдаланып,маңызды дүниелерге жұмсау.

2 кезең “Шебер сынып” + “Воркшоп” оқушылар әжелермен бірігіп түрлі қолөнер бұйымдарын бірге жасап,суреттерді де топта бірлесе салды.
Бұл кезеңнен кейін сергіту сәті “Караоке time”
Шәмші атамыздың әндерін шырқаумен өтті.
3 кезең “Дөңгелек үстел” білім алушыларымыз әжелерімізден үлгі-өнеге алу мақсатында ақыл-кеңес сұрап,өзекті мәселелерді бірге талқылап күнді қортындылады.
Іс-шара соңында қарт атамыз балаларға бата берді.
Білім алушыларымыз да,ата-әжелеріміз де бұл кездесуден ерекше әсер алғандарын айтты.
Осы жобаның іске асуына көптен көп үлес қосқан
9 г сынып жетекшісі Курманова Турсун Баганалымовнаға алғыс білдіреміз.
Бұл жоба басқа да сынып білім алушылардың қатысуымен жалғасын табады деген сенімдеміз.

Бөлісу/Поделиться:
RU