ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ҚАДАМ

Астана қаласы әкімдігінің №98 мектеп-лицейінің «Фараби» дебат клубының орыс лигасы тағы бір айтулы жетістікке қол жеткізді. KILC колледжінің ұйымдастыруымен өткен колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасындағы БПФ (Британдық парламенттік формат) турнирінде біздің оқушылар жүлделі І орынға ие болды.

Бұл турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және өз ойын дәлелді жеткізу шеберлігін шыңдайтын маңызды алаң. Аталмыш додада мектеп-лицей намысын қорғаған оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қарсыластарына лайықты бәсеке көрсете білді.

Жеңімпаздар құрамы:

* Кенжебекова Мадина (9 «Ә» сыныбы)
* Мадиева Бархия (9 «А» сыныбы)
* Кажгалиева Гаухар (9 «А» сыныбы)
* Мылқайдар Қайсар (8 «Ғ» сыныбы)

Қатысушылар турнир барысында өздерінің аналитикалық ойлау дағдыларын, аргумент құру және қарсы пікірге жауап беру қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Әсіресе, БПФ форматының талаптарына сай жылдам ойлау, нақты құрылымдалған сөз сөйлеу және командамен үйлесімді жұмыс істеу шеберліктері ерекше көзге түсті.

Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшілерінің жүйелі дайындығының нәтижесі.

https://www.instagram.com/reel/DXuCluSjD7d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бөлісу/Поделиться:
RU