Қамқорлық – адамгершіліктің айнасы

Астана қаласындағы №98 мектеп-лицейінің 11 «В» сынып түлектері «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қамқор» жобасына белсенді қатысуда. Бұл жоба оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік және жанашырлық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Аталған игі істің бастамашысы – сынып жетекшісі Жанар Турашевнаның бағыт-бағдар беруімен оқушылар Аққорған 5В мекенжайында орналасқан “I’m alive”панасыз жануарларға арналған баспанаға барып, қамқорлық танытты. Олар өз қаражаттарына бірнеше айға жететін азық-түлік апарып, жануарларға көмек көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар жануарлардың өмір сүру жағдайымен танысып, олардың күтімі мен қауіпсіздігіне байланысты маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, әрбір тіршілік иесіне жанашырлықпен қараудың маңыздылығын терең түсінді.

Осындай қайырымдылық шаралары жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. 11 «В» сынып оқушыларының бұл әрекеті – қоғамға үлгі боларлық игі іс. Қамқорлық көрсету арқылы олар тек жануарларға көмек беріп қана қоймай, өздерінің азаматтық ұстанымдарын да айқындай түсті.

Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келетін іс. Жақсылық жасауға асығайық.
@astana_adistemelik_ortalyq
@qosymsha_ast

https://www.instagram.com/reel/DXrRqxDjPJ_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бөлісу/Поделиться:
RU