“Ұлттық ойын — асыл мұрамыз”

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған қалалық “Ұлттық ойын — асыл мұрамыз” атты ұлттық ойындар жарысынан мектебіміздің оқушылары жүлделі орындармен оралды. Оқушыларымызбен мұғалімдерімізді жеңістерімен құттықтаймыз👍🏼Керемет👏👏👏

18 Наурыз “ҰЛТТЫҚ КИІМ” күні

https://astana98mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2025/03/WhatsApp-Video-2025-03-19-at-14.01.25-1.mp4 18 Наурыз “ҰЛТТЫҚ КИІМ” күніне орай “Мен қазақ қыздарына қайран қалам” тақырыбында ұлттық киім үлгіде келген білім алушылар арасында дефиле өтті. Ерекше үлгіде тұтас сынып болып ұлттық киім үлгісімен келген 1 г сыныбы,сынып жетекшісі Назгуль Оразовна және 3 а сыныбы,жетекшісі Зенфира Тұрмухамматқызы.

15 НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

Наурыз мерекесінің 15 жұлдызы қайырымдылық күніне орай “Жүректен жүрекке” акциясы аясында “Қамқор” жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 д сынып білім алушылары мен қамқор жүректі ата-аналарымыз сынып жетекшілері Ақмарал Абдыкадыровнаның бастауымен мектебіміздің көп балалы отбасына мерекелік дастарханына арнаған азық-түліктерін сыйлай отырып қамқорлық танытқаны қуантты. Жақсылық жасауға қашанда асық болайық.

Астана қаласы № 98 мектеп- лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында» «Менің сүйікті кітабым — Абай шығармалары» Абайдың Қара сөздері-тәрбие сөзі» атты мектепшілік челлендж өткізілді.

https://astana98mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2025/03/WhatsApp-Video-2025-03-17-at-11.53.25-1.mp4 ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай – рухани реформатор» мақаласында ұлы ағартушының шығармашылығын насихаттауға шақырып, «Абай-өзін және өз халқын танудың ең жақсы жолы», ал оның «мазмұны жағынан Ұлы мұра-халықтың рухани тірегі»деп атап көрсетті. Қара сөздер қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылады, онда ұлы ойшыл Ұлтты жаңғыртуға, жаңартуға шақырды, уақыт талаптарына бейімделу қажеттілігі…
ары қарай оқу

Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын! Амал мерекесі – ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі, ағайынның амандығын сұрап, бір-бірімен көрісетін, бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Бұл күнгі ізгі тілек пен ақ жарма ниет жыл бойы бізбен бірге болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, деніміз сау, ғұмырымыз ұзақ болсын! Баршаңызға бақыт, құт-береке, молшылық тілейміз! Көрісу…
ары қарай оқу

“ӨЗГЕ ЕЛДЕ СҰЛТАН БОЛҒАНША,ӨЗ ЕЛІҢДЕ ҰЛТАН БОЛ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР

https://astana98mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2025/03/WhatsApp-Video-2025-03-13-at-21.20.39.mp4 НАУРЫЗ-ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ АЯСЫНДА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА “ӨЗГЕ ЕЛДЕ СҰЛТАН БОЛҒАНША,ӨЗ ЕЛІҢДЕ ҰЛТАН БОЛ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР Астана қаласы әкімдігінің №98 мектеп-лицей КММ 8-11 сынып білім алушылары арасында қазақ лигасы бойынша “Ұшқыр ой алаңы” жобасын жүзеге асыру мақсатында қазақ лигасы бойынша мектепішілік дебат турнирі өтті. I-орын “Пікір патшалары” фракциясы II-орын…
ары қарай оқу

“XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды сайысы өткізілді.

8-10 сыныптар арасында Қазақ тілі апталығына орай “XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды сайысы өткізілді. Мақсаты: — ⁠Болашақ дарынды оқушыларды тәрбиелеу; — ⁠Дарынды оқушыларға мотивация беріп, қолдау; Қатысушылар: 1. Ұланқызы Ақбілек — 8 “А” — ІІІ орын иегері👍 2. ⁠Ғалым Ақнұр — 9 “А” — XXI ғасыр көшбасшысы атанды👍 3. ⁠Сағидулла Амина — 10 “А” 4. ⁠Қабдрахман…
ары қарай оқу

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында дәріс өткізіліп, видеолар көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

«Journey to Cinematic World»

Астана қаласы №98 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 17-24 ақпан аралығында «Journey to Cinematic World» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту, тілдік дағдыларын жетілдіру және сыни ойлауды дамыту болды. Осыған орай, әртүрлі іс-шаралар, сайыстар, ойындар және ашық сабақтар ұйымдастырылды. Әр үлкен үзіліс сайын оқушыларға арналған викториналар…
ары қарай оқу

Таза қозғалыс» квест

https://astana98mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/WhatsApp-Video-2025-02-23-at-11.02.43-1.mp4 Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында «Таза қозғалыс» квесті өтті. Бұл іс-шараға мектебіміздің 6 сынып білім алушылары қатысты. Мақсат – балалар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру. Шараны Сарайшық ауданы әкімдігі ұйымдастырған. Оған 30 бала қатысты. Төрт кезеңнен тұратын сайыста оқушылар әртүрлі интерактивті тапсырмалар орындап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылар қатысушыларға қоқыс тастаудың ғана…
ары қарай оқу

KK