Ұлыстың ұлы күні – Көрісу күні құтты болсын!
Амал мерекесі – ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі, ағайынның амандығын сұрап, бір-бірімен көрісетін, бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Бұл күнгі ізгі тілек пен ақ жарма ниет жыл бойы бізбен бірге болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, деніміз сау, ғұмырымыз ұзақ болсын! Баршаңызға бақыт, құт-береке, молшылық тілейміз!
Көрісу күні мектебіміздің бастауыш сынып білім алушылары аналарымен,әжелерімен бірлесе ас атасы нан демекші,әр қазақтың ақ дастарханының ерекше дәмі бауырсақ болғандықтан,бауырсақтың жеті түрінен астам дәмді бауырсақтар дайындап Амал мерекесін атап өтті.